Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 417/35 "Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 62/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23598 болып тіркелді

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 417/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6602 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) бекітілсін";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 62/5 шешіміне
қосымша
  Павлодар облыстық
мәслихатының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 417/35 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда)

№ р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік үшін төлемақы мөлшерле-мелері
(Айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалану

1.1

Шөп шабу



1.2

Шабындықтың жақсы жай-күйінің құны

1 гектар

1,799

1.3

Шабындықтың қанағаттанарлық жай-күйінің құны

1 гектар

1,349

1.4

Шабындықтың нашар жай-күйінің құны

1 гектар

1,049

2

Мал жаю

2.1

Ірі мал
(ірі қара мал, жылқы)

1 бас

0,839

2.2

Ұсақ мал (қой)

1 бас

0,209

2.3

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас

0,734

2.4

Ірі қара мал төлі

1 бас

0,42

3

Ара ұялары мен омарталарды орналастыру

1 ара ұясы

1,499

4

Екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау


Қарағайдың қосалқы ағаш ресурстары

4.1

Қабықтары

1 тонна

0,015

4.2

Бұтақтары

1 тонна

0,03

4.3

Томарлары

1 тонна

0,008

4.4

Тамырлары

1 тонна

0,05

4.5

Қылқандары

1 тонна

0,023

4.6

Бүршіктері

1 килограмм

0,015


Қайың ағашының қосалқы ресурстары

4.7

Қабықтары

1 тонна

0,012

4.8

Бұтақтары

1 тонна

0,023

4.9

Томарлары

1 тонна

0,006

4.10

Тамырлары

1 тонна

0,035

4.11

Қылқандары

1 тонна

0,017

4.12

Бүршіктері

1 килограмм

0,012


Дәрілік өсімдіктердің жемістері мен жидектерін, саңырауқұлақтар мен жидектерді жинау

4.13

Итмұрын

1 килограмм

0,103

4.14

Шырғанақ

1 килограмм

0,154

4.15

Бөрікөз

1 килограмм

0,154

4.16

Саңырауқұлақ

1 килограмм

0,051

4.17

Таңқурай

1 килограмм

0,274

4.18

Қара бүлдірген

1 килограмм

0,274

4.19

Қарақат

1 килограмм

0,137

4.20

Бүлдірген

1 килограмм

0,137

5

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда

әрбір болған күні үшін

0,1

6

Орман қоры учаскелерін бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін пайдаланғаны үшін

6.1

бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы

0,1 гектар

0,068

6.2

өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

0,1 гектар

0,34

7

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалану

7.1

Ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттарында

1 гектар

0,75

7.2

Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда

1 гектар

2,652

8

Шайыр мен ағаш шырындарын дайындау

8.1

Шайыр дайындау

1 гектар

2,94

8.2

Ағаш шырынын дайындау

1 гектар

1,47

8.3

Шайыр дайындау

1 центнер

2,0

8.4

Ағаш шырынын дайындау

1 центнер

1,5

      Ескерту: Орман кодексіне сәйкес сирек кездесетін және жойылып кетуге қауіп төніп тұрған өсімдіктерді жинау және дайындауға тиым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады