Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 - 2022 оқу жылына Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 259/8 қаулысына қосымша |
2021 - 2022 оқу жылына Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Туристтік-өлкетану | 30 | 13 034 |
2 | Экологиялық-биологиялық | 30 | 13 034 |
3 | Ғылыми-техникалық | 105 | 13 010 |
4 | Әлеуметтік-педагогикалық | 360 | 13 006 |
5 | Көркем-эстетикалық | 260 | 13 008 |
6 | Спорттық | 260 | 13 008 |
7 | Музыкалық-аспаптық | 65 | 13 016 |
Барлығы | 1110 | - |