Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 26.04.2024 № 126/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің қосымша кепілдік берілген қосымша көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
№ | Аурудың атауы | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің, оның ішінде дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы |
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 11 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
111 | GIII бас миының самайлық үлесінің анаплазиялық олигодендроглиомасы |
"Ломустин"; |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |