Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 523/70 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 32/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 13 сәуірде № 7244 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 13.10.2023 № 65/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 523/70 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7004 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1- тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;";

      6- тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "8) мүгедектер, атап айтқанда:

      8-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек - балалар;

      8-2) 1 топтағы мүгедектер;

      8-3) 2 топтағы мүгедектер;

      8-4) кәмелетке толмаған балалары бар 3 топтағы мүгедектер;

      8-5) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      8-6) мүгедек - спортшылар;

      8-7) көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектер;

      8-8) кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүгедек-студенттер;";

      6- тармақтың 11) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      11-1) өтініш берушінің отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жүктілігі бойынша (12 аптаға дейін) есепте тұрған жүкті әйелдер;

      11-2) пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын жалғыз мүгедектер және зейнеткерлер, көп балалы отбасылар (ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарамастан), өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасылар;

      11-3) қайтыс болған уақытта уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздар; онкологиялық, туберкулез ауруымен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (бұдан әрі - ЖҚТБ) ауруынан қайтыс болғандар; қайтыс болған міндетті әскери қызметшiлері; қайтыс болған 18 жасқа дейінгі балалар; қайтыс болған орта білім беретін арнаулы оқу орындарының оқушылары және күндізгі оқу бөліміндегі студенттер; қайтыс болған мерзімде уәкілетті органның тіркелуінде тұрмаған 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыссыздар;

      11-4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;

      11-5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      11-6) өтініш берушінің отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын бірінші баласын туғаны үшін әйелдерге;

      11-7) табысы кедейлік шегінен жоғары, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар;";

      7- тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) көрсетілген қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шарт, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 6-тармақтың 1-1), 1-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      2-2) мүгедектік туралы анықтамасы, еріп жүрушінің жол жүру, тұру және тамақтану шығындарының мөлшері туралы анықтамасы, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторийге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 8-1), 8-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      2-3) уәкілетті органның тізімі негізінде республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 8-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      2-4) көру қабілеті бойынша бірінші топтағы мүгедектігі жөнінде тиісті медициналық мекемедегі анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 4 (төрт) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      2-5) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, қайтыс болу туралы анықтама (алты айға дейін жарамды), қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі, өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде жерлеуге арналған 6-тармақтың 11-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      2-6) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар Департаменті Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорытындысы (алты айға дейін жарамды), тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарты негізінде, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 50 (елу) АЕК мөлшерінде, ішінара зақымданған жағдайда 30 (отыз) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      2-7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандығы жөнінде анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      2-8) шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынынан анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 12-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      2-9) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде 6-тармақтың 12-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2-10) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу құнын өтеу үшін төлем 60 (алпыс) АЕК, колледждерде 30 (отыз) АЕК 6-тармақтың 8-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      2-11) алушының мәртебесін растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тіс протездеуге 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 3-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;";

      7- тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) алушының мәртебесін растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 3-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      3-2) алушының мәртебесін растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 3-2), 3-3), 4-2), 6-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;";

      7- тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      4-1) алушының мәртебесін растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 1 (бір) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 1-1), 1-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      4-2) алдағы айда тұрғын үйді ұстауға төлемге ұсынылған шығыстар сомасы мөлшерінде толық көлемде тұрғын - үй коммуналдық қызметтерін өтеуге (газ, қатты отын- пешпен жылытылатын үйлер үшін), 6-тармақтың 1-1), 1-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      4-3) 6-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;

      4-4) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, 6-тармақтың 12-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      4-5) "Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансер" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде 6-тармақтың 12-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      4-6) алушының мәртебесін растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 8-2), 8-3), 8-4) тармақшаларында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      4-7) уәкілетті органның тізімі негізінде 2 (екі) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін;";

      8 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      1) қала әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім – шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 6-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін төленеді;

      1-2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-3) тиісті медициналық мекемеден анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-4) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарт негізінде, пештік жылытуды растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі), 6-тармақтың 11-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-5) тиісті медициналық мекемеден анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының сессия торағасы М. Желнов
      Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы С. Калижанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады