Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы "Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 1006/11 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 810/17 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 25590 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы "Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5319 болып тіркелген) № 1006/11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Ақсу қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Каппасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Ж. Шугаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады