Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы "Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" № 302/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6138 тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшысына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |
Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 498/64 шешіміне қосымша Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы |
|
30 қарашадағы № 302/35 | |
шешіміне қосымша |
Жер салығы базалық мөлшерлемелерінің өсу пайыздары
Жерлердің орналасу аймағы | Өсу пайызы |
Екібастұз қаласы | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
ІV | +40% |
Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Төрт-Құдық ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Шиқылдақ ауылы | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Теміржол ауылдық округі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Бәйет ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Қоянды ауылдық округі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Екібастұз ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Ақкөл ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
Сарықамыс ауылдық округі | |
I | +20% |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Солнечный поселкесі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
Шідерті поселкесі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
жер қоры | |
I | +50% |
ІІ | +30% |