Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігінің қаулысы мен Железин аудандық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 5915 гектар Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.
2. "Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Железин ауданы әкімдігінің қаулысы мен Железин аудандық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Железин ауданы әкімдігінің қаулысы мен Железин аудандық мәслихатының шешімін оның ресми жариялағаннан кейін Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігі қаулысының және Железин аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Железин аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Железин ауданы әкімдігіның қаулысы мен Железин аудандық мәслихатының шешімі оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин ауданының әкімі | К. Кашкиров |
Железин аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |
Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 224/7 мен Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 41/7 бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылы жерлерінің экспликациясы
Гектар
Жалпы алаңы | Ауыл шаруашылық алқаптарының барлығы | Оның ішінде | Басқалар | ||
5915 | 5352 | Егістік | Шабындық | Жайылымдар | 563 |
12 | 202 | 5138 |