Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 499/6 "Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 103/7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 ақпанда № 26710 болып тіркелді

      Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 499/6 "Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7081 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің 2-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жасылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының хатшысы П. Лампартер

  Железин аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
29 желтоқсандағы
№ 103/7 шешіміне
қосымша
  Железин аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 499/6 шешіміне
2-қосымша

Железин ауданының жер салығының мөлшерлемелері

Аймақтың нөмірі

Елді мекендердің атауы

Арттыру пайызы

1


2

Қазақстан ауылдық округі - Есқара ауылы; Михайлов ауылдық округі – Петропавловка ауылы; Красновка ауылы

+10%

3

Қазақстан ауылдық округі – Екішок ауылы; Веселорощин ауылдық округі – Жаңабірлік ауылы; Славяновка ауылы

+10%

4

Озерный ауылдық округі – Озерное ауылы; Қазақстан ауылдық округі - Жаңа Жұлдыз ауылы; Лесной ауылдық округі – Крупское ауылы; Михайлов ауылдық округі – Мыңкөл ауылы; Ақтау ауылдық округі – Жолтаптық ауылы

+10%

5

Алакөл ауылдық округі – Алакөл ауылы; Прииртышск ауылдық округі – Груздевка ауылы; Веселорощин ауылдық округі – Дүйсеке ауылы; Михайлов ауылдық округі – Михайловка ауылы; Ақтау ауылдық округі – Ақтау ауылы

+10%

6

Лесной ауылдық округі – Раздельное ауылы; Прииртышск ауылдық округі – Үрлітүб ауылы; Еңбекші ауылдық округі – Уәлиханов ауылы; Веселорощин ауылдық округі - Веселая Роща ауылы; Башмачин ауылдық округі – Абай ауылы

+10%

7

Еңбекші ауылдық округі – Еңбекші ауылы; Башмачин ауылдық округі – Береговое ауылы, Кузьмино ауылы; Железин ауылдық округі – Аққайың ауылы, Моисеевка ауылы

+10%

8

Лесной ауылдық округі – Лесное ауылы; Новомир ауылдық округі – Церковное ауылы; Железин ауылдық округі – Захаровка ауылы

+20%

9

Железин ауылдық округі – Пятерыжск ауылы

+30%

10

Башмачин ауылдық округі – Башмачное ауылы

+40%

11

Железин ауылдық округі – Железинка ауылы; Прииртышск ауылдық округі – Прииртышское ауылы

+50%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады