Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қазандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 245-58-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 мамырдағы № 28-5-7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 31 мамырда № 7301 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 35- 10-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 10.11.2023 № 35-10-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қазандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 245-58-6 шешіміне (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6994 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Қағидалардың 1-тарауында:

      1-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;";

      Қағидалардың 2-тарауында:

      7-тармақ келесі мазмұндағы 7-6), 7-7), 10-7), 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім алуға үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер;

      7-7) 1, 2 және 3 топтағы жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер;";

      "10-7) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен жоғары, бірақ ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылар;";

      "12) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар.";

      7-тармақтың 10-6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "10-6) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылар;";

      8-тармақтың 1-1), 2-2), 2-7), 3-3), 4-3), 5-1), 6-2), 6-3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "1-1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне, Отан қорғаушы күніне, Жеңіс күніне, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне, Еңбек күніне, Қарттар күніне орай осы Қағидалардың 7 - тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 12) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;";

      "2-2) осы Қағидалардың 7 - тармағының 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жоғары оқу орнында оқуға төлеуге осы Қағидалардың 12 - тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты шартты қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде;";

      "2-7) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;";

      "3-3) осы Қағидалардың 7 - тармағының 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне бару үшін, осы Қағидалардың 12 - тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты шартты қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;";

      "4-3) осы Қағидалардың 7 - тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде, өтініш берген айдан бастап оқу жылына тағайындалады;";

      "5-1) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-6) тармақшасында көрсетілген, бір жасқа дейінгі балалары бар, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж санат үшін 2 (екі) АЕК мөлшерінде;";

      "6-2) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      6-3) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін бірінші баланың тууына 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде.";

      8-тармақ келесі мазмұндағы 2-9), 2-10), 2-11), 3-7), 4-4), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-9) осы Қағидалардың 7 - тармағының 7-6) тармақшасында көрсетілген санатқа бір оқу жылы үшін жоғары оқу орындарында оқу құнын өтеу үшін 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде, техникалық және кәсіптік оқу орындарында 30 (отыз) АЕК мөлшерінде - мүгедектігі туралы анықтама, жеке оңалту бағдарламасы негізінде, оқу орнының басшысы мен мүгедек студент арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартың қоса берілуімен жүзеге асырылады;

      2-10) осы Қағидалардың 7 - тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде тісті протездеуге - алушының мәртебесін растайтын құжатты, орындалған жұмыстар актісін, фискалдық чекті қоса бере отырып, өтініш негізінде;

      2-11) осы Қағидалардың 7-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін санаторлық - курорттық емделуге (жол жүруге, тұруға және тамақтануға) 45 (қырық бес) АЕК мөлшерінде - алушының мәртебесін растайтын құжатты, орындалған жұмыстар актісін, фискалдық чекті қоса бере отырып, өтініш негізінде;";

      "3-7) осы Қағидалардың 7 - тармағының 7-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;";

      "4-4) осы Қағидалардың 7 - тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;";

      "5-2) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты 2 (екі) АЕК мөлшерінде;";

      Қағидалардың 3-тарауында:

      12, 13-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс аудандық мәслихатының сессия төрағасы И. Айтимбетова
      Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады