Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Ертіс ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 110-22-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |