Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1-03/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 7183 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына және 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауылдық округінің әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты ауылдық округінің әкімі М. Жиенбаев

  Шарбақты ауылдық
округі әкімінің
  2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-03/1 шешіміне
қосымша

Р/с№

Пайдаланушы

Алаңы, гектар

Ұзындығы, метр

Нысыналы мақсаты

Пайдалану мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері

1

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

0,1031

1030,7

кабельдік кәрізді тарту және пайдалану үшін

10

Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады