Шектеу іс-шараларын тоқтату және Май ауданы Қазан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі "Май ауданы Қазан ауылдық округінде орналасқан "№ 3 Бригада" аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Қазан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 7205 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-14/524 ұсынысы негізінде, Қазан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Қазан ауылдық округінің "№ 3 Бригада" аумағында орналасқан ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Май ауданы Қазан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі "Май ауданы Қазан ауылдық округінде орналасқан "№ 3 Бригада" аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6974 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазан ауылдық округінің әкімі С. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Май ауданының кәсіпкерлік,
      ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      2021 жылғы " 2" ақпан Е. Жумабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      комитетінің Май аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      2021 жылғы "2" ақпан Н. Жумабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады