Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 1-03-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 31 наурызда № 7235 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Черноярка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округінің Новочерноярка ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Черноярка ауылдық округінің әкімі Е. Тактаулов

  Черноярка ауылдық
округі әкімінің
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 1-03-01 шешіміне
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

0,0884

Кабельдік кәрізді жүргізү мен пайдалану үшін

10

Павлодар ауданы, Черноярка ауылдық округі, Новочерноярка ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады