Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 шілдеде № 23572 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 2 "Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4395 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      № 445, № 448, № 458, № 465 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 445 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Сосновка ауылы, З.Космодемьянской көшесі, 1, "Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің "Сосновка жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты;

      сайлау учаскесінің шекаралары: Сосновка ауылдық округінің Сосновка ауылы.";

      "№ 448 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Назаровка ауылы, Жеңіс көшесі, 11А, "Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің "Назаровка негізгі жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты;

      сайлау учаскесінің шекаралары: Назаровка ауылы, Алексеевка ауылының Суворов № 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 18, 19, Западная № 1, 2 көшелері (таратылған Каховка ауылы).";

      "№ 458 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Арбаиген ауылы, Абай көшесі, 77, "Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Халық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны мәдениет үйінің ғимараты;

      сайлау учаскесінің шекаралары: Галкино ауылдық округінің Арбаиген ауылы.";

      "№ 465 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Садық-Ащы ауылы, Центральная көшесі, 15, әкімшілік ғимараты;

      сайлау учаскесінің шекаралары: Садық-Ащы ауылы, Шошқалы ауылы, Шалдай ауылы А. Бөкейханов көшесі № 1, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 14 (қысқартылған Сүгір ауылы), Шалдай ауылы, М. Дулатов көшесі № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 13, 15, 17, 19 (таратылған Бозалаң ауылы).";

      № 467 сайлау учаскесі алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты ауданының әкімі А. Абеуов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Шарбақты аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады