Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 1/41 қаулысына қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулылардың тізбесі
1) Алматы қаласы әкімдігінің "Сәулет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 3/422 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1317 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
2) Алматы қаласы әкімдігінің "Сәулет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 3/423 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1318 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
3) Алматы қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 2/295 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1556 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).