Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VI сессиясының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 48 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23122 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі келесі санаттар бойынша халықтың әлеуметтiк осал топтарының қатарынан бекітілсін:

      1) 1 және 2-топтағы мүгедектер;

      2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;

      3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік көмек түріндегі (өтеусіз және қайтарымсыз негізде) бастапқы жарна сомасының 85% мөлшерінде тұрғын үй сертификаты ұсынылады, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 08.06.2022 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс VI сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады