"Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 48 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХI сессиясының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 140 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 маусымда № 28533 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 48 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23122 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік көмек түріндегі (өтеусіз және қайтарымсыз негізде) бастапқы жарна сомасының 85% мөлшерінде тұрғын үй сертификаты ұсынылады, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының хатшысы С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады