"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарындағы 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласының әкімі 2021 жылғы 2 тамыздағы № 3/400 қаулысына қосымша |
Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарындағы 2021 жылға арналған
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы,
ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
р/с | Мектепке дейінгі ұйымның түрі | Тәрбиеленушілердің саны | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге | Ата-ананың бiр тәрбиеленушіге айына ақы төлеу мөлшері, теңге |
1 | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым | 35916 | 37 527 | 18900 |
2 | Жеке мектепке дейінгі ұйым | 24043 | 37 527 | 18900 |
3 | Түзету топтары | 233 | 66 779 | - |
4 | Жарты күн болатын мектепалды топтары |
|
| - |
5 | Санаторлық мектепке дейінгі ұйым |
|
| - |
6 | Арнайы (түзету) мектепке дейінгі ұйым |
|
| - |