2021 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылып, 2021 жылы құрылған Алматы қаласының жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдары және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының тәрбиеленушілерін тамақтандыруға кететін шығындарының толық өтемақы көлемін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 4/577 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қарашада № 25129 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2021 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылып, 2021 жылы құрылған Алматы қаласының жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдары және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының тәрбиеленушілерін тамақтандыруға кететін шығындарының толық өтемақы көлемін, осы қаулының қосымшасына сәйкес, бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 12 қарашадағы
№ 4/577 қаулысына
қосымша

2021 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылып,
2021 жылы құрылған Алматы қаласының жеке меншік мектепке дейінгі
ұйымдары және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының
тәрбиеленушілерін тамақтандыруға кететін шығындарының
толық өтемақы көлемі

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге тамақтану шығыстарының орташа құны, теңге

Өтемақы көлемі, теңге

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар филиалдары

3 999

18 900

302 324 400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады