Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 31 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 2/3 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 7143 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы оң қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжар ауданының Новосел ауылдық округі Ақжар ауданының Үлкен Қараой ауылдық округі;

      Ақжар ауданы Новосел ауылдық округінің Коммунизм ауылы Ақжар ауданы Үлкен Қараой ауылдық округінің Баймырза ауылы;

      Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округінің Киевское ауылы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округінің Кіші Қараой ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының төрағасы
Е. Мамбетов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады