Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 "Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 мамырдағы 4/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23073 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6586 болып тіркелген) мына өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      шешімнің 1-тармағы алынып тасталсын;

      шешімге 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2021 жылғы 21 мамырдағы
  № 4/3 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2020 жылғы 7 қазандағы
  № 48/15 шешіміне
  1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Кодексiнiң, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының негiзiнде әзiрлендi, Солтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерiне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерiн айқындайды.

      2. Әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган - "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).

      3. Жұмыс берушi - тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы.

      4. Медицина қызметкерi - жоғары кәсіптік медициналық бiлiмі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

      5. Фармацевтика қызметкерi - жоғары фармацевтикалық бiлiмі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерi

      6. Әлеуметтiк қолдау алу құқығына жұмыс берушiмен еңбек шартын жасасқан және Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы уәкілетті органмен және жұмыс берушімен келісім жасалған күннен бастап бірінші бес жылда еңбек міндеттерін орындап жүрген қызметкерлер ие болады.

      7. Әлеуметтiк қолдау мынадай бір жолғы төлемнен тұрады:

      1) Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.

      8. Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:

      1) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

      2) жоғары кәсіптік бiлiмі туралы дипломының көшiрмесi;

      3) еңбек еткенін растайтын құжатының көшiрмесi (Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

      4) мемлекеттiк медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi.

      9. Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарауды комиссия жүзеге асырады.

      Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.

      Комиссия төрағасы лауазымы бойынша уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.

      Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      10. Комиссия мына функцияларды жүзеге асырады:

      1) қызметкерлер ұсынған құжаттарды қарайды;

      2) қызметкерлерге әлеуметтік қолдау ұсыну не ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      11. Комиссия қызметкерлер ұсынған осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және он бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      12. Бiржолғы төлем қызметкерлердің өтiнiшiнiң негiзiнде, екiншi деңгейлi банкте ашылған есептiк шотына аудару арқылы отыз күнтізбелік күн ішінде төленедi.

      Қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қызметкерлерге комиссияның қабылдаған шешімі туралы хабарлайды.

      13. Қызметкерлермен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлайды.

      14. Қызметкерлер төленген әлеуметтік қолдауды қайтаруды осы Тәртіптің 13-тармағында көзделген негіздер бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде жұмыс істеген уақытына тепе-тең жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады