"Солтүстік Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 173 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 136 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23588 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 173 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4208 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады