Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7137 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің | |
2021 жылғы 12 тамыздағы | |
№ 169 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің | |
2021 жылғы "16" ақпандағы | |
№ 30 қаулысына | |
қосымша |
2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Субсидияланатын тұқымдардың санаты |
Бюджет қаражатының көлемі, |
Бірегей тұқымдар | 24 593 |
Элиталық тұқымдар | 1 096 188 |
Бірінші репродукция тұқымдары | 327 874 |
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | 679 509 |
Барлығы | 2 128 164 |