2021 – 2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 249 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қарашада № 25318 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының 2021 – 2022 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының 2021 – 2022 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 18 қарашадағы
  № 249 қаулысына
  1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының 2021 – 2022 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқу түрі (орындар, гранттар саны)

Оқу жылына бір студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

1.

Бакалавриат
6B01
Педагогикалық ғылымдар

6В013
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

2

901 000

6В015
Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

2

901 000

6В017
Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

1

901 000

2.

Бакалавриат
6B08
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B082
Мал шаруашылығы

5

742 700

6B083
Орман шаруашылығы

5

742 700

3.

Бакалавриат
6В09
Ветеринария

6В091
Ветеринария

15

600 000

4.

Бакалавриат
6B10
Денсаулық сақтау

6B101
Денсаулық сақтау

20

1001 000

Барлығы

50


  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 18 қарашадағы
  № 249 қаулысына
  2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының 2021 – 2022 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі

Жоғары білім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны
(орындар, гранттар саны)

Оқу жылына бір студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

4 айға

8 айға

1.

7R01
Денсаулық сақтау
(медицина)

7R011
Денсаулық сақтау

Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың

13

466 300

932 600

Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың

11

466 300

932 600

Гастроэнтерология ересектердің, балалардың

2

466 300

932 600

Дерматовенерология ересектердің, балалардың

3

466 300

932 600

Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың

3

466 300

932 600

Кардиология ересектердің, балалардың

5

466 300

932 600

Неонатология

3

466 300

932 600

Онкология ересектердің

4

466 300

932 600

Педиатрия

8

466 300

932 600

Психиатрия ересектердің, балалардың

4

466 300

932 600

Радиология

10

466 300

932 600

Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың

2

466 300

932 600

Эндокринология ересектердің, балалардың

4

466 300

932 600

Барлығы

72



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады