Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 11/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25627 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2021 жылғы 22 қарашадағы
  № 11/3 шешіміне
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2019 жылғы 4 қазандағы
  № 37/4 шешіміне
  қосымша

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесі

      1. Әрбір алушы үшін тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

      2) Тұрғын үй қарызы сомасының 10 пайызы, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:

      1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады