"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 529-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К аймақтарға) бекітілсін.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің қаржы бөлім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы Қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі | Б. Жумабеков |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер Комитеті Солтүстік Қазақстан
облысы Мемлекеттік кірістер Департаментінің
Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республика мемлекеттік мекемесінің
басшысы Т. Салкеев
"__" _______ 2021 жыл.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Петропавл қаласы әкімдігінің | |
2021 жылғы 15 наурыздағы | |
№ 292 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (аймақ К)
Аймақ № | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (аймақ К) | Аймақ шекаралары |
1 | 2 | 3 |
I | 2,0 | І аймақ Петропавл қаласының орталық бөлігін қамтиды. Бір алқаптан тұрады. Солтүстік жақтан бастап Сергей Павлов – Крепостная – Жамбыл – Аяған Шәжімбаев – Жамбыл атындағы қысқа көше – Мұхтар Әуезов – Заводская – Гоголь – Юрий Медведев – "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алаптың солтүстік жағы – Егемен Қазақстан – Партизан – Парк – Труд – 314-ші Атқыштар Дивизиясы көшелерінің бойымен – "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алаптың солтүстік жағы – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы – Ыбырай Алтынсарин – Маяковский – Пушкин – Кәрім Сүтішев көшелерінің бойымен Сергей Павлов көшесіне дейін. |
II | 1,9 | ІІ аймақ Петропавл қаласының орталық бөлігіне оңтүстіктен шектеседі. Солтүстік жақтан бастап "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы – Георгий Жуков атындағы – Жәлел Қизатов атындағы көшелердің бойымен – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолымен оңтүстік-шығысқа – Промышленная көшесімен – VI аймақтың шекарасы бойымен солтүстік-батысқа – Ніл Болатбаев – Жамбыл – Крепостная – Сергей Павлов көшелерінің бойымен – Есіл өзенінің жағалауымен – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолына дейін. |
III | ІІІ аймақ 4 бөліктен тұрады. | |
| 1,15 | ІІІ-1 аймағы – шығыс жақтан І аймақпен шектеседі. Солтүстік жақтан бастап Сергей Павлов – Кәрім Сүтішев – Пушкин – Маяковский – Ыбырай Алтынсарин көшелерінің – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолының бойымен – "Қызылжар Су" акционерлік қоғамының жер учаскесі шекарасының шығыс жағы – Перминовтер көшесі – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолының батыс жағынан Сергей Павлов көшесіне дейін. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-1 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 013, 020 (Маяковский көшесі – Ыбырай Алтынсарин атындағы көше – Позолотин көшесі – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы), 021 (Крылов көшесінен – Есіл өзені – Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеге дейінгі бөлігі), 022 (Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеден – "Қызылжар Су" акционерлік қоғамы жер учаскесінің сыртқы шекарасы – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолына дейінгі бөлігі). |
III-2 | 1,45 |
ІІІ-2 аймағы – "Береке", "Бензострой" ықшам аудандары батыс жақтан І аймаққа шектеседі. Солтүстік жағынан бастап Мұхтар Әуезов атындағы көшенің бойымен – VI аймақ (өнеркәсіптік аймақ) шекарасы бойымен шығыс жағынан – VI аймақ шекарасы бойымен оңтүстік жағынан ("Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген белдеу алап) – Юрий Медведев – Гоголь – Заводская – Мұхтар Әуезов көшелерінің бойымен солтүстікке қарай өтеді. |
| 1,25 |
ІІІ-3 аймағы – "Жұмысшы кенті" ықшам ауданы. Жол өтпесінің солтүстік-шығыс жағынан бастап "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алап шекарасымен (VI аймақ шекарасы) шығыс бағытта үймеге дейін – Космонавтар көшесі бойымен батысқа, содан әрі "Южный" ықшам ауданының шекарасы бойымен оңтүстікке – "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы бойындағы белдеу шекарасымен шығыс бағытта – "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолы бойымен солтүстік бағытта жол өтпесіне дейін. |
III-4 | 1,65 |
ІІІ-4 аймағы – "Борки, "Кірпіш зауыты", қаланың солтүстік жақ бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен бастап оңтүстікке қарай "Петропавл-Долматов" автомобиль жолы" бойымен – Жәлел Қизатов атындағы көше бойымен – Георгий Жуков атындағы көшеге өтіп – Есіл өзенінің жағалауымен – "Каскад" бау-бақша серіктестігінің шығыс жағынан – 062 кадастрлық орам шекарасы бойымен – Есіл өзені жағалауымен – "Полуостров" бау-бақша серіктестігінің шығыс жағынан – Есіл өзені жағалауы бойымен жыра арқылы "Петропавл-Долматов" автомобиль жолына дейін өтеді. |
IV | Бұл аймақ алты оқшауланған ықшам тұрғын ауданнан тұрады. | |
IV-1 | 1,25 | IV-1 аймағы – "Солнечный" ықшам ауданы, қаланың солтүстік жағында орналасқан. Аймақтың шекарасы 143 кадастрлық орамның шекарасы бойымен солтүстіктен шығысқа – оңтүстік бөлігінде 043, 042, 041 кадастрлық орам шекараларының бойымен – батыс жақта 143 кадастрлық орамы шекарасының бойымен – бұдан әрі 001 кадастрлық орамның шекарасы бойымен солтүстікке өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-1 аймаққа мына есептік кіреді: 001 (Солнечный кентінен бастап оңтүстікте, қаланың солтүстік шекарасына дейінгі бөлігі), 043 (бір бөлігі), 141 ("Чайка" бау-бақша серіктестігінің оңтүстік жағынан, қаланың солтүстік шекарасына дейінгі бөлігі). |
IV-2 | 1,05 | IV-2 аймағы – "Новопавловка" кенті ықшам ауданы, Есіл өзені мен "Петропавл – Долматов" автожолы арасында орналасқан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-2 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 001 (Новопавловка тұрғын алабындағы бөлігі). |
IV-3 | 1,3 | IV-3 аймағы – "Орман" ықшам ауданы, "Борки" кентіне қарама-қарсы орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстікте 057 кадастрлық орамы шекарасы бойымен – шығыс жақта "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы учаскесінің шекарасымен – бұдан әрі "Петропавл – Долматов" автожолы бойымен солтүстікке өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-3 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 059, 060, 141 ("Орман" ықшам ауданының бір бөлігі). |
IV-4 | 1,45 | IV-4 аймағы – "Заречный кенті" ықшам ауданы. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-4 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 037. |
IV-5 | 1,35 | IV-5 аймағы – "Кірпіш кенті", ықшам ауданы, "Былғары зауыты кенті", биотоғаннан оңтүстік-шығысқа қарай. Аймақтың шекарасы 038 және 039 кадастрлық орамдарының сыртқы шекарасымен сәйкес келеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-5 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 038, 039. |
IV-6 | 0,95 | IV-6 аймағы – "Южный" ықшам ауданы, Жұмысшы кентіне қарама-қарсы, "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолынан оңтүстікке қарай. Аймақтың шекарасы солтүстік жақтан "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолы бойымен, шығыс, оңтүстік және батыс жақтан "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жер учаскелері шекарасы бойымен өтеді. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-6 аймағына мына есептік орам кіреді: 142 (Южный ықшам ауданының бір бөлігі). |
V | Бұл аймақ үш аумағы шағын бөліктен тұрады және бір қабатты тұрғын үй жеке секторынан тұрады. | |
V-1 | 0,85 | V-1 аймағы – Оңтүстік-Орал темір жолының қаланың шығыс бөлігіндегі 2632 км бойындағы аялдау пункті, сызбаға сәйкес (1-қосымша). Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес V-1 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 141 (бір бөлігі). |
V-2 | 0,9 | V-2 аймағы – қаланың шығыс бөлігіндегі Теплов орманшылығы жанындағы тұрғын үйле,сызбаға сәйкес (2-қосымша). Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес V-2 аймағына мына есептік орам кіреді: 151 (бір бөлігі). |
V-3 | 0,95 | V-3 аймағы – Оңтүстік-Орал темір жолының қаланың батыс бөлігіндегі 2617 км-дегі аялдау пункті. |
VI | 1,1 |
Бұл аймаққа шығыс өнеркәсіптік аймақ, сонымен қатар басқа өнеркәсіптік, қойма кәсіпорындары, зауыттардың аумағы, 2-ші жылу электр станциясы және оның жұмыс істеу үшін қажет объектілері, темір жол жолдары, түсіру алаңдары, элеватор және одан оңтүстікке қарай өнеркәсіп-қойма аумағы, автобазалар, автобус парктері жатқызылған. |
VII | VII аймақ – 10 бөліктен тұрады және бағалау аймағының ауданы бойынша ең үлкені болып табылады. | |
VII-1 | 0,8 | VІІ-1 аймағы – оған ауыл шаруашылығы мақсатындағы, арнайы мақсаттағы жерлер, резервтегі жерлер, орман екпелері, су объектілері, бау-бақша серіктестіктері және алдыңғы алтауына қосылмаған басқа да жерлер біріктірілген. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-1 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 010 (бір бөлігі), 011 (бір бөлігі), 012 (бір бөлігі), 040-077, 080-083, 085-089, 091-094, 096, 100-111, 122-134, 141 (бір бөлігі), 142 (бір бөлігі), 143 (бір бөлігі). |
VII-2 | 0,7 | VІІ-2 аймақ – Қызылжар ауданы Рощинск ауылдық округі Белое ауылынан 12 километр солтүстік-шығыстағы қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-2 аймағына мына есептік орам кіреді: 141 (бір бөлігі). |
VII-3 | 0,8 | VІІ-3 аймағы – "Петропавл – Соколовка – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының сол жағынан Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі Якорь ауылына қарай. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-3 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 136-139. |
VII-4 | 0,75 | VІІ-4 аймағы – Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі, Кривоозерка ауылының батыс жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-4 аймағына мына есептік орам кіреді: 140. |
VII-5 | 0,75 | VІІ-5 аймағы – Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылының оңтүстік жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-5 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 120, 121. |
VII-6 | 0,75 | VІІ-6 аймағы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылынан 1,5 километр оңтүстік жақтан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-6 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 115-119 |
VII-7 | 0,9 | VІІ-7 аймағы – Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылының солтүстік-батыс жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-7 аймағына мына есептік орам кіреді: 095. |
VII-8 | 0,9 | VІІ-8 аймағы – "Қарғалы арал" мемлекеттік орман саяжайы – Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округі Прибрежное ауылынан 1,5 километр оңтүстік-батысқа қарай. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-8 аймағына мына есептік орам кіреді: 144. |
VII-9 | 0,8 | VІІ-9 аймағы – Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының солтүстік жағынан. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-9 аймағына мына есептік орам кіреді: 142. |
VII-10 | 0,85 | VІІ-10 аймағы – Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Ивановка ауылының оңтүстік-шығысында. Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-10 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 112-114. |