Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 7229 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 18.09.2023 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың біліктіліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және газдың жарылуына байланысты Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Петропавл қаласы Интернациональная көшесі, 21 мекенжайындағы көп пәтерлі тұрғын үйдегі газдың жарылуына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары А. Е. Хабибулин техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы (Қ. Төренова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 21 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Петропавл қаласының әкімі Б. Жумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады