"Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 7243 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5072 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 505, 506-баптарында белгіленген Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.";

      2. Петропавл қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Петропавл қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Петропавл қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім ресми жариялануға тиіс және 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат сессиясының
төрағасы
Л. Каиржанова
      Петропавл қалалық мәслихат
хатшысы
А. Бердагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады