"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 1647 Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 540 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 7295 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына және Қазастан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 1647 қаулысына ("Қызылжар нұры", "Проспект СК" газеттерінде 2015 жылғы 13 қарашада жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3426 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

      Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының "Казақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланған күнінен кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі Б. Жумабеков

  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  № 540 қаулысына
  1 қосымша
  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 18 қыркүйектегі
  № 1647 қаулысына
  1 қосымша

Лесхоз ауылының балаларын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 26 мектеп-балабақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау сызбасы

     


     


  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  № 540 қаулысына
  2 қосымша
  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 18 қыркүйектегі
  № 1647 қаулысына
  2 қосымша

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 27 орта жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ПМС -175 балаларды тасымалдау сызбасы

     


     


  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  № 540 қаулысына
  3 қосымша
  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 18 қыркүйектегі
  № 1647 қаулысына
  3 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібі

      1. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген).

      2. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

      2. Балаларды тасымалдау осы Тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

      3. Балаларды тасымалдау мынадай жағдайда ұйымдастырылады егер: aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;

      Автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда.

      4. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiнде кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жыл ішінде еңбек тәртібін және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзбаған.

      5. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы 23-10) тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беруi тиiс.

      Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен.

      6. Балаларды тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда мыналар болуы тиiс:

      1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;

      2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

      3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;

      4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

      5) тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.

      Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;

      6) шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге дезаттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары.

      7) жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.

      Кемінде төрт дөңгелегі бар және М санатындағы, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылып жүрген көлік құралдары шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жарақтандырылады.

      7. Автокөлiк құралдарын пайдалану тасымалдаушының мiндеттi азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершiлiктi орындаған жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлiктi пайдалану барысында, олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлiктерiне зиян келтiрмеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.

      3. Балаларды тасымалдау тәртібі

      8. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп бағыттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

      9. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

      10. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

      11. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

      Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.

      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

      12. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне:

      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру бағытын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе жабдықтарды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға рұқсат берілмейді.

      Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушi:

      1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;

      2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);

      3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;

      4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).

      13. Балаларды автобусқа отырғызу автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында еріп жүрушілердің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен жүргізіледі.

      14. Жүргізушіге отырғызу (түсіру) орнынан автобустың қозғалысын еріп жүруші отырғызу (түсіру) аяқталғаны туралы хабарлағаннан және автобустың есіктері толық жабылғаннан кейін ғана бастауға рұқсат етіледі.

      15. Еріп жүрушілер автобусқа отырғызу және одан түсіру кезінде, автобус қозғалысы кезінде, аялдама кезінде балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.

      4. Қорытынды

      16. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау Тәртібімен реттелмеген қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады