Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 22 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 7277 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылы көшелерінің атауы

      Бірінші көшені – Жаңа тұрмыс көшесі;

      Екінші көшені – Шаховский көшесі;

      Үшінші көшені – Қауданды көшесі;

      Төртінші көшені – Бозарал көшесі;

      Бесінші көшені – Жаңажол көшесі;

      Куйбышев көшесін – Қайсар Таштитов көшесі;

      Пионерская көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі;

      Павлик Морозов көшесі – П.Филиппенко көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Смирново ауылдық округінің әкімі
А. Хамзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады