Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 2-14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 сәуірде № 7289 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, және 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын.

      Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
II сессиясының торағасы
В. Заика
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
хатшысы
Е. Жакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады