Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі Аралағаш ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 7207 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Аралағаш ауылдық округінің Аралағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданыАралағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі Аралағаш ауылының келесі көшелері:

      Центральная көшесі Серғазы Нұрахметов көшесі;

      Молодежная көшесі Қапсан Қазиев көшесі;

      Новостроительная көшесі Бейбітшілік көшесі;

      Желтоқсан көшесі Мұстахим Хасенов көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округінің әкімі Б. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады