Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің Власовка ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 7304 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабынасәйкес, Власовка ауылдық округі Власовка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі Власовка ауылының келесі көшелері:

      Ленин көшесі Абай көшесі;

      Безымянная көшесі Мағжан Жұмабаев көшесі;

      Эристонская көшесі Достық көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
Власовка ауылдық округінің әкімі
Е. Витковская

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады