"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 147 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 375 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24878 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар ұсыну туралы" 2020 жылғы 17 маусымдағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6368 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Айыртау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін";

      көрсетілген қаулының 2 тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі Е. Бекшенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Айыртау аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Айыртау ауданының әкімдігі
  2021 жылғы 18 қазандағы
  № 375 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 17 маусымдағы
  № 147 қаулысына
  1 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Сайлау учаскесінің нөмірі

Орналасқан жері

1

Антоновка ауылы

14

Айыртау ауданы, Антоновка ауылы, Ақан сері көшесі, № 39 мекенжайы бойынша орналасқан Қазпошта бөлімшесінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

2

Арықбалық ауылы

45

Айыртау ауданы, Арықбалық ауылы, Центральная көшесі, № 19 мекенжайы бойынша орналасқан "РИК" сауда орталығының ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

3

Саумалкөл ауылы

8

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Байкен Ашимова және Михаил Янко көшелерінің бұрышы мекенжайы бойынша орналасқан "Детский мир" дүкені ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

4

Гусаковка ауылы

51

Айыртау ауданы, Гусаковка ауылы, Молодежная көшесі, № 29 мекенжайы бойынша орналасқан бос уақыт орталығының ғимараты жанындағы ақпараттық стенд

5

Елецкое ауылы

7

Айыртау ауданы, Елецкое ауылы, Центральная көшесі, № 26/2 мекенжайы бойынша орналасқан "Настенька" дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд(келісім бойынша)

6

Имантау ауылы

57

Айыртау ауданы, Имантау ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, № 36 мекенжайы бойынша орналасқан "Мега" дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

7

Казанка ауылы

22

Айыртау ауданы, Казанка ауылы, Рабочая көшесі, №17 мекенжайы бойынша орналасқан "Достық-Дэн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 3 өндірістік учаскесінің әкімшілік ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

8

Карасевка ауылы

18

Айыртау ауданы, Карасевка ауылы, Озерная көшесі№ 75 мекенжайында орналасқан "Мұқашова А.Б. ЖК" дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

9

Қаратал ауылы

27

Айыртау ауданы, Қаратал ауылы, Орталық көшесі № 36 мекенжайы бойынша орналасқан "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд

10

Константиновка ауылы

53

Айыртау ауданы, Константиновка ауылы, Достық көшесі, № 70 "а" мекенжайында орналасқан "Константиновка-2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

11

Лобаново ауылы

59

Айыртау ауданы, Лобаново ауылы, Абай көшесі, № 32 мекенжайы бойынша орналасқан "Оксана" дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

12

Нижний Бұрлық ауылы

63

Айыртау ауданы, Нижний Бұрлық ауылы, Центральная көшесі, № 34 мекенжайында орналасқан "Нижний Бұрлық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд

13

Сырымбет ауылы

31

Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы, Школьная көшесі, № 3 мекенжайында орналасқан "Алма" дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)

14

Кирилловка ауылы

39

Айыртау ауданы, Кирилловка ауылы, Абай көшесі, № 40 мекенжайында орналасқан "Айсұлу" дүкенінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады