Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 147 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 6368 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 18.10.2021 № 375 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 - бабының 4, 6 - тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 - бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Айыртау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 18.10.2021 № 375 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 18.10.2021 № 375 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі өткізу үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 127 қаулысының (2019 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5398 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_________ Е.Мерғасымов
2020 жылы "___" ___________

  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 17 маусымы
№ 147 қаулысына
1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 18.10.2021 № 375 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2024 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.


р/с

Елді мекеннің атауы

Сайлау учаскесінің нөмірі

Орналасқан жері

1.

Антоновка ауылы

14

Айыртау ауданы, Антоновка ауылы, Ақан-Сере көшесі, № 39 мекенжайында орналасқан Қазпошта бөлімшесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

2.

Арықбалық ауылы

45

Айыртау ауданы, Арықбалық ауылы, Центральная көшесі, № 19 мекенжайында орналасқан "РИК" сауда орталығы ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

3.

Саумалкөл ауылы

8

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Байкен Әшімов пен Михаил Янко көшелерінің қиылысында орналасқан "Кристалл" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

4.

Гусаковка ауылы

51

Айыртау ауданы, Гусаковка ауылы, Школьная көшесі, № 38 мекенжайында орналасқан "Луч" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

5.

Елецкое ауылы

7

Айыртау ауданы, Елецкое ауылы, Центральная көшесі, № 26/1 мекенжайында орналасқан "Рахмет" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

6.

Имантау ауылы

57

Айыртау ауданы, Имантау ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, № 36 мекенжайында орналасқан "Мега" дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

7.

Казанка ауылы

22

Айыртау ауданы, Қазан ауылы, Рабочая көшесі, № 17 мекенжайында орналасқан "Dostyk Dan GCK" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №3 өндірістік учаскесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

8.

Қамсақты ауылы

18

Айыртау ауданы, Қамсақты ауылы, Озерная көшесі, № 75 мекенжайында орналасқан "ЖК Мукашова А. Б." дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

9.

Қаратал ауылы

27

Айыртау ауданы, Қаратал ауылы, Орталық көшесі, № 36 мекенжайында орналасқан "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

10.

Константиновка ауылы

53

Айыртау ауданы, Константиновка ауылы, Достық көшесі, № 70 "а" мекенжайы бойынша орналасқан "Константиновка-2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

11.

Лобанов ауылы

59

Айыртау ауданы, Лобаново ауылы, Абай көшесі, № 32 мекенжайында орналасқан "Оксана" дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

12.

Нижний-Бурлук ауылы

63

Айыртау ауданы, Нижний-Бурлук ауылы, Центральная көшесі, № 34 мекенжайында орналасқан "Нижнебурлук ауылдық округі әкімнің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

13.

Сырымбет ауылы

31

Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы, Школьная көшесі, № 3 мекенжайында орналасқан "Алма" дүкенінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

14.

Кирилловка ауылы

39

Айыртау ауданы, Кирилловка ауылы, Абай көшесі, № 35 мекенжайында орналасқан "Женис" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 17 маусымы
№ 147 қаулысына
2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жай

Саумалкөл ауылы

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ақан Сері көшесі, № 31 мекенжайында орналасқан: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады