Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Арықбалық ауылы халқының пікірін ескере отырып Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсан қорытындысы негізінде, Арықбалық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округі Арықбалық ауылының:
Киров көшесі - Бәйкен Әшімов көшесіне;
Куйбышев көшесі - Николай Нижников көшесіне;
Ворошилов көшесі - Ералы Мұқашев көшесіне;
Пролетарская көшесі - Жұмағали Саин көшесіне;
Орджоникидзе көшесі - Шоқан Уәлиханов көшесіне;
Калинин көшесі - Достық көшесіне;
Степан Разин көшесі - Бірлік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арықбалық ауылдық округі әкімі | А. Ашимов |