Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына, Имантау ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Имантау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау ауылдық округі Имантау ауылының:
Ворошилов көшесі - Абай көшесіне;
Карл Маркс көшесі - Ақан сері көшесіне;
Советская көшесі - Ұлтай Нұрсейітов көшесіне;
Урицкий көшесі - Конституция көшесіне;
Пугачев көшесі - Достық көшесіне;
Ленин көшесі - Шоқан Уәлиханов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Имантау ауылдық округі әкімі | Л. Сердюк |