Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 7323 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Лобаново ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Лобанов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново ауылдық округі Лобаново ауылының:

      Ленин көшесі - Абай көшесіне;

      Ворошилов көшесі - Еркін Әуелбеков көшесіне;

      Карл Маркс көшесі - Сәбит Мұқанов көшесіне;

      Советский көшесі - Мағжан Жұмабаев көшесіне;

      Урицкий көшесі - Ақан сері көшесіне;

      Красная көшесі – Шоқан Уәлиханов көшесіне;

      Коммунистическая көшесі – Кенжетай Рамазанов көшесіне;

      Буденный көшесі – Василий Антонов көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лобанов ауылдық округі әкімі Е. Шайгузов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады