Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 8 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттаға төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімін күшін жойды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 7 сәуірде № 7276 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 8 шешімі (2020 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6259 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді

      Ақжар ауданының әкімі К. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады