Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 6259 болып тіркелді. Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 06.04.2021 № 3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 06.04.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 7 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Ақжар ауданының әкімі Е. Мадьяров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады