Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 72-18 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 6989 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 16-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды мәслихатының 14.03.2024 № 16-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешіміне (2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4846 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      2) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.";

      1-қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3.Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      1-қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.";

      1-қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";

      1-қосымшаның 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Өтініштерді қабылдау, құжаттардың тізімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 147737 болып тіркелген).".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының сессиясының төрағасы
И. Шаймерденов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының хатшысы
Е. Адильбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады