"Нежинка-Ерке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 наурызда № 7151 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6 тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Нежинка-Ерке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Нежинка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелерін алып қоймастан, су құбыры және оған қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 2,1659 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Дюселеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады