Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 106, 109-1-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 58/401 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7015 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 228 212 мың теңге:
салықтық түсімдер – 19 309 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 208 903 мың теңге;
2) шығындар – 228 391 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 179 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 179 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 179 мың теңге.";
1-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"1-1. Явленка ауылдық округі бюджетінің шығындарында қаржылық жылдың басына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен, 2020 қаржылық жылда республикалық бюджеттен 0,1 мың теңге сомада, облыстық бюджеттен 0,1 мың теңге сомада, аудандық бюджеттен 41,8 мың теңге сомада бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 4 қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";
1-3 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"1-3. Явленка ауылдық округі бюджетінде шығындар қаржылық жылдың басына қалыптасқан қаражаттың бос қалдықтары есебінен 137 мың теңге сомада 4 қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"5. Облыстық бюджеттен 2021 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі қарастырылсын, соның ішінде:
Явленка ауылының көше жарығының ағымдағы жөндеулеріне;
Явленка ауылының кентішілік жолдарының ағымдағы жөндеулеріне;
Явленка ауылының кентішілік жолдарының орташа жөндеулеріне.
Аудандық бюджеттен аталған нысаналы трансферттерді бөлу "2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.";
6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"6. 2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттің нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі қарастырылсын, соның ішінде:
ауданның жергілікті атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды өткізуге;
жолдардың ағымдағы күтулеріне;
Явленка ауылын абаттандыруға;
рұқсат етілмеген қоқыстарды жоюға;
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Явленка ауылын абаттандыру сұрағын шешу үшін іс-шараларды жүзеге асыруға.
Аудандық бюджеттен аталған нысаналы трансферттерді бөлу "2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.";
аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
аталған шешім осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес 4 - қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы | П. Гольцер |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы | А. Бектасова |
2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы |
Сомасы |
1) Кірістер | 228 212 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 19 309 | ||
01 | Табыс салығы | 6 000 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 6 000 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 13 309 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 270 | ||
3 | Жер салығы | 903 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 12 136 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 208 903 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 208 903 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 208 903 | ||
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдарлама | Атауы |
Сомасы |
2) Шығындар | 228 391 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 37 593 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 37 593 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 34 093 | ||
107 | Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу | 3 500 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 36 925 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 36 925 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 19 447 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 5 294 | ||
010 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 1 302 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 10 882 | ||
12 | Көлік және коммуникация | 108 068 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 108 068 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 8 068 | ||
045 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу | 100 000 | ||
13 | Басқалар | 45 626 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 45 626 | ||
040 | Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 34 483 | ||
057 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 11 143 | ||
15 | Трансферттер | 179 | ||
| Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 179 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 42 | ||
051 | Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер | 137 | ||
3) Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4) Қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржылық активтерді сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5) Бюджет тапшылығы (профициті) | -179 | |||
6) Тапшылық орнын қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) | 179 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 0 | ||
16 | Қарыздарды өтеу | 0 | ||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы |
Сомасы |
8 | Бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары | 179 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 179 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 179 |
2021 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтарын бағыттау
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдарлама | Атауы |
Сомасы |
15 | Трансферттер | 179 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 179 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 42 | ||
051 | Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер | 137 | ||
Барлығы: | 179 |