Амангелді ауылдық округі Тілеусай ауылының атаусыз жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 7320 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Тілеусай ауылдық округі Амангелді ауылындағы келесі атауы жоқ көшелеріне атаулар берілсін:

      №1 атауы жоқ көше – Ақан сері көшесі;

      №2 атауы жоқ көше – Сәбит Мұқанов көшесі;

      №3 атауы жоқ көше – Ыбырай Алтынсарин көшесі;

      №4 атауы жоқ көше – Шоқан Уәлиханов көшесі;

      №5 атауы жоқ көше – Достық көшесі;

      №6 атауы жоқ көше – Мәншүк Мәметова көшесі;

      №7 атауы жоқ көше – Абылай хан көшесі;

      №8 атауы жоқ көше – Сәкен Сейфуллин көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Амангельді аулдық округінің әкімі С. Курманбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Уәлиханов ауданы
  Амангелді ауылдық округі
  әкімінің шешеміне қосымша
  2021 жылғы 21 сәуірдегі
  № 15

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тілеусай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атауы беру туралы схемалық картасы

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады