Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 04.11.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 01-11/226 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі Толмачевка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі |
С. Казеев |