Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсаңдағы № 18 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шілдеде № 23779 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудыны әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6754 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада:

      36-тармақ, "Орналасқан жері" бағаны келесі редакцияда жазылсын: "Полудино ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 59, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Полудин мәдениет үйінің ғимараты.";

      37-тармақ, "Орналасқан жері" бағаны келесі редакцияда жазылсын: "Ганькино ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 6, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ганькино орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мағжан Жумабаев ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. Кусанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мағжан Жұмабаев ауданының

      сайлау комиссиясының

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады