Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 7176 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 33 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Возвышен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында орналасқан "Шупанов" шаруа қожалығы және "Шупанов" жеке кәсіпкерінің аумақтарында белгіленген ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 22 (2020 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6547 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі В. Соколов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады