Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 24 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 7425 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Абдрахманова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы
С. Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 6 мамырдағы
  № 24 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 149 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4630 болып тіркелген);

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 165 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 болып тіркелген);

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2018 жылғы 6 маусымдағы № 171 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады