Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 "Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 498 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 желтоқсанда № 26248 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Р. Анбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстiк Қазақстан облысы

      Тайынша ауданы мәслихаты

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 23 желтоқсандағы
  № 498 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 3 сәуірдегі
  № 117 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, ассистент.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының (директорының) орынбасары;

      3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      5) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      6) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      7) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандары - дыбыс операторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады