Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 ақпанда № 7122 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде және Амандық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Амандық ауылының атаусыз көшесіне Болашақ атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амандық ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Ж. Жукашев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы Амандық
  ауылдық округі әкімінің
  міндетін атқарушысының
  2021 жылғы 8 ақпандағы
  № 3 шешіміне
  қосымша

Схемалық карта

Амандық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

Ж. Жұқашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады